Артқа
Турегалиева Венера Сулейменовна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Турегалиева Венера Сулейменовна - аға оқытушы, магистр. 1977 жылы 12 наурызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Котяевка ауылында дүниеге келді.
1984 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Котяевка ауылындағы Н.К. Крупская атындағы орта мектепке оқуға түсіп, 1994 жылы мектепті аяқтады.
1995 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Педагогика және психология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге оқуға түсті. 1999 жылы осы университетті «Психология» мамандығы бойынша бітірді.
2001-2005ж.ж. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Котяевка ауылындағы Н.К. Крупская атындағы орта мектепте психолог мамандығы бойынша жұмыс істеді.
2005-2006ж.ж. Құрманғазы ауданы, Орлы ауылындағы Манаев атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2006-2007ж.ж. Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылындағы М.В. Ломоносов атындағы орта мектепте «Психология» мамандығы бойынша жұмыс істеді.
2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Психология және педагогика кафедрасына оқытушы ретінде жұмысқа қабылданды.
2013-2015ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2015 жылы аталған мамандық бойынша университетті аяқтады. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі берілді. Бұл мамандық бойынша магистрлер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде: профильдік дайындық кезінде – мектептегі педагог-психолог, педагогикалық колледждерде оқытушы; ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде – педагогикалық колледждер мен университеттерде оқытушы және педагогикалық ғылыми мекемелерде қызметкер ретінде жұмыс істеуге дайындалады.
2007-2025 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Инновациялық білім беру факультетінің Психология және арнайы білім беру кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеп келеді.