Артқа
Өмірзақова-Ахмет Амангүл Қамидоллақызы
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Өмірзақова-Ахмет Амангүл Қамидоллақызы - аға оқытушы, магистр. 1982 жылы 29 шілдеде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келді.
1988 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында Қаракөл орта мектебіне қабылданып, 1999 жылы аяқтады. 2001 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология мамандығына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған оқу орнын өте жақсыға бітірді.
2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасына оқытушысы болып жұмысқа орналасты.
2006-2008 жылы 6М010300 Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика және психология магистрі академиялық дәрежесін алып, қазірге дейін Психология және педагогика кафедрасында аға оқытушы, магистр.
2006 жылы №15 Абай атындағы орта мектебінің психологі қызметін атқарды. 2008-2011 жылы Педагогика, психология және өнер факультеті тәрбие істері жөніндегі декан орынбасары болды.
Кафедрада 6В03101-Психология мамандығының эдвайзері. Көптеген ғылыми әдістемелік мақалалар авторы. Факультетте спорттық жарыстардан жүлделі орындармен марапатталды.
Инклюзивті білім беру, даму психологиясы, психология бойынша практикум, қолданбалы психология, жалпы психология пәндерден дәріс және практикалық сабақтар береді.
Ғылыми жетістіктер: «Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» оқу-әдістемелік құрал (2020ж.), Халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар және шетелдік, республикалық басылымдарда 30 дан астам мақалалары жарыққа шықты.
Қала әкімінің және университет ректоры алғыс хаттарымен марапатталды.