Артқа
Карабаева Нүргул Бақбергенқызы

Карабаева Нүргул Бақбергенқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Карабаева Нургуль Бакбергеновна - аға оқытушы, магистр.1983 жылы 6 қарашада Гурьев облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосында дүниеге келді. 1990-2001ж.ж. аралығында Аққыстау селосындағы Аққыстау орта мектебін бітірді. 2001-2005ж.ж. аралығында Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Шетел тілі» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2005-2009ж.ж. аралығында Аққыстау селосындағы Аққыстау орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2010-2011ж.ж. аралығында Атырау қаласындағы № 35 мектеп гимназияда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2011-2013 ж.ж. аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Шетел тілдер» кафедрасына аға оқытушы қызметіне қабылданды. 2013-2015ж.ж. Атырау қаласының Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистратурасына педагогика және психология мамандығы бойынша оқуға түсіп, педагогика ғылымдарының магистрі деген ғылыми дәрежеге ие болды. 2015-2025 ж.ж. аралығында Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Ғылыми жетістіктер: 5 оқу-әдістемелік құрал, 1 авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік, Халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар жасаған және шетелдік, республикалық басылымдарда 30 мақал аларым жарыққа шықты.