Артқа
Бисенова Шынар Нұрболатовна

Бисенова Шынар Нұрболатовна

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Бисенова Шынар Нұрболатқызы – аға оқытушы, магистр. 1974жылы 31 қантар Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Атырау орта мектебін ойдағыдай аяқтап, 2001-2006 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің «Педагогика және психология» мамандығын үздік тәмамдаған. 2006-2007 ж.ж. Ф.Досымова атындағы №12 орта мектепте педагог- психолог жұмысын атқарған. 2007-2009 ж. Атырау мемлекеттік университеті, Психология кафедрасына оқытушы стажер лауазымына қабылданды. 2009-2014 ж.ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің тәрбие бөліміне университет психологы ретінде ауыстырылды. 2009-2014 ж.ж. аралығында университеттің жастар ісі департаменті жанынан психолог қызметінде аса жауапкершілікпен атқара білді. Қәзіргі уақытта «Демеу психологиялық кеңес беру» кабинеті жанынан университет қызметкерлері мен студенттері психологиялық кеңес беруде түрлі психологиялық тренингтер өткізіп келеді. 2014 ж. 6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып, 2014 жылдан қазірге дейін Психология және педагогика кафедрасында аға оқытушы, магистрі.