Артқа
Мусина Гулмира Мерлатовна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Мусина Гулмира Мерлатовна – аға оқытушы, магистр. 1976 жылы 19 қаңтарда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Томарлы селосында дүниеге келген.
Томарлы селосындағы «Қайыршақты» орта мектебін бітіргеннен кейін, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша 1999 жылы бітіріп, еңбек жолын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жоғары ақпараттық технологиялар» орталығында лаборант қызметінен бастаған. 2005 жылы «Психология» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданып, 2013-2015 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 6М010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша магистратура бітіріп, «Педагогика» ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды. «Психология және педагогика» кафедрасында 2015 жылдан бері аға оқытушы, магистр қызметін атқарып келеді.
2012-2015 жылдар аралығында «Психология» мамандығы бойынша эдвайзер және факультет кеңесінің хатшысы, 2016-2017 жылдары «Психология және педагогика» факультетінің «Ғылыми жұмыстар жөніндегі» факультет деканының орынбасары қызметін атқарды. 6В03101-«Психология» мамандығы бойынша білім бағдарламасының академиялық комитетінің мүшесі. 1 оқу құралы, 1 дидактикалық оқу құралы және 30-дан астам ғылыми-мақалалардың авторы.