Артқа
Қожрақова Ақтолқын Саташқызы

Қожрақова Ақтолқын Саташқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Қожрақова Ақтолқын Саташқызы - аға оқытушы, магистр. 1977 жылы 24 ақпанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық селосында дүниеге келген. 1995ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне түсіп, 2000 жылы «Орыс мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. 2013ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2015 жылы осы мамандық бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. Еңбек жолын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде бастады. Жалпы және халықтық педагогика, педагогика, психология және педагогика кафедраларында оқытушы, аға оқытушы, сеньор-лектор болып еңбек етіп келеді. «Инклюзивті білім беруде әлеуметтік ортаға бейімделудің маңызы» атты монографиясы жарық көрді (2020 ж.). Жыл сайын халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға және семинар-тренингтерге қатысады.