Артқа
Жұбанғалиева Гүлден Ғалымжанқызы

Жұбанғалиева Гүлден Ғалымжанқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Жұбанғалиева Гүлден Ғалымжанқызы - аға оқытушы, магистр. 1969 жылы 29 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Гаюшкино селосында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтын 1993 жылы бітіріп, Құрманғазы ауданы Абай орта мектебінде еңбек жолын бастады. Осы жылы Атырау қаласындағы А.Сүндетов атындағы Атырау медицина колледжінде орыс топ студенттеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс оқыды. 2001 жылдан бастап университетке аудармашы, 2005 жылы “Жалпы және халықтық педагогика кафедрасының оқытушысы, 2005-2008жж Атырау мемлекеттік университетінің аспиранты. 2011 жылдан бері осы кафедрада аға оқытушы. 2014 ж педагогика ғылымдарының магистрі. 1 монографиясы, заманауи бағыттағы оқу-әдістемелік құралдары, 120-ға жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері, шетелдік ғылыми «Wеb of Scence» және «Scopus» журналдарында және ҒжЖБССҚК журналдарында мақалалары жарияланып жарық көрді. Қазіргі уақытта «Психология және педагогика» кафедрасының сеньор лекторы қызметін атқарады. «Смарт білім беру: Әдістемелер мен технологиялар ресурсы»(2021ж), «Санатыңды көтер, Ұстаз» (2021ж), «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» (2021ж), «Эссе: шеберлік пен үйлесімділік»(2022ж), «Инклюзивті білім: қажеттілік және қамтамасыздық»(2022ж), «Ағылшын тілін оқыту» (2024ж) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.