Артқа
Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы

Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы

пс.ғ.к., аға оқытушы

Өмірбаян

Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1966 жылдың 13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1988ж. Гурьев педагогика институтын Педагогика және психология (мектепке дейінгі) бөлімін бітіріп, Білім министрлігінің жолдамасымен «Педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығы, педагогика және психология пәні оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбиелеу әдіскері біліктілігін алып, Гурьев педагогикалық институтына, психология кафедрасына оқытушылыққа жіберілді. 2009жылы Әль –Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті жанында тағылымдамадан өтті. 2010 ж. «Психология ғылымдарының кандидаты» дәрежесі берілді. 2018-2020 ж.ж. аралығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы Атырау облысы бойынша филиалында шақыртумен ауысып, доцент лауазымында қызмет атқарды. «Х.Досмұхамедовтың психологиялық көзқарастары» (2008ж.) монографиялық еңбектің, «Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру» (2022ж.), «Мектептегі психологиялық қызметте психодиагностиканы қолдану» әдістемелік құралдарының авторы. Атырау қалалық, облыстық психологтар олимпиадаларында төрағалық жасады, Психология ғылымының әр түрлі бағыттарына қатысты тақырыптарға жазылған 145-тен астам мақалалары жарияланған. Монография және әдістемелік құралдардын авторы. Марапаттары: - Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығынан алғыс хаттарымен марапатталған (2012ж.); - Атырау Облыстық білім басқармасының алғыс хатымен (2013ж).; - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының алғыс хаттарымен (2000-2014ж.ж.); - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2024ж.).