Артқа
Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы
п.ғ.к., доцент
Өмірбаян
Базарғалиев Ғабит Бағытжанұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1972 жылдың 24 наурызында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Қызыл қоға ауданы, Мұқыр станциясында дүниеге келген.
1979-1989 жылдары Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебінде білім алды. 1989 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы «Тарих, қоғамтану және құқық негіздері» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жалпы және халықтық педагогика» кафедрасында стажер-оқытушы ретінде бастады. 1994-1997 жылдары аталған кафедраның күндізгі бөлім аспирантурасында білімін жалғастырып, кейін аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.
2002 жылы «Профессор Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ол университетте «Халелтану» пәнінің негізін қалаушылардың бірі болып, осы курстың бағдарламасын әзірледі және оны оқу бағдарламасына енгізді.
1997-2001 жылдары университеттің студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы болып, жастар тәрбиесіне белсене араласты. 2008-2011 жылдары «Жалпы және халықтық педагогика» кафедрасының меңгерушісі, 2011-2013 жылдары «Педагогика және өнер» факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2013-2022 жылдары «Педагогика» кафедра лабораториясының қауымдастырылған профессоры, 2022 жылдан бастап «Психология және педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры қызметін атқаруда.
Ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогика мен психологияның өзекті мәселелеріне арналған. Ол 200-ден астам ғылыми мақала, оқу және оқу-әдістемелік құралдар жариялап, 38 магистрлік жұмысқа жетекшілік етті. Сонымен қатар, Республикалық «Қазақстан мұғалімі», «Ұлт тағылымы», «Егеменді Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мектебі» басылымдарында ғылыми мақалалары жарық көрді. Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға белсенді қатысып, баяндамалар жасайды.