Артқа
Джанзақова Шолпан Исағалиқызы
п.ғ.д., профессор
Өмірбаян
Джанзакова Шолпан Исағалиқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 1960 жылы 13 қараша күні Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келді.
1978 жылы Гурьев қаласындағы №1 Гагарин атындағы мектепті бітіргенен кейін, Гурьев педагогикалық институтының биология-химия факультетінің «биология және химия пәнінің мұғалімі» мамандығын 1983 жылы үздік тәмамдаған.
Алғаш еңбек жолын Гурьев қаласындағы №7 орта мектепте «биология және химия пәнінің мұғалімі» қызметінен бастап педагогикалық тәжірибе жинады. Педагогикалық қызметін 1988 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жоғары кәсіби білім беру саласында – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғастырып келеді. Еңбек мансабын педагогика және психология кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап лауазымдық өсудің әр түрлі сатысынан өтті.
1991 ж.кафедраның аға оқытушысы, 2000 ж. «Психология» кафедрасының меңгерушісі, 2005 ж. Сырттай қысқартып оқыту факультетінің деканы қызметін, 2008 ж. университет жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.02 біріккен диссертациялық кеңестің хатшысы, 2010 ж. Жалпы және халықтық педагогика кафедрасының профессоры, 2011-2023 жылдар аралығында «Педагогика» кафедра-лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарды.
Жалпы педагогика, әлеуметтік педагогика, этнопедагогика, ұлттық мектеп және тәрбие мәселелері, этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық саласымен айналысады. Алғаш этнопедагогиканы жеке пән ретінде ғылыми негіздеген. Мәскеу қаласындағы Ресейдің ғылыми орталығының «Ұлттық білім беру мәселелері» институтында белгілі ғалым, академик Г.Н.Волковтың жетекшілігімен қазақ халқының этнопедагогикасын ғылыми тұрғыдан тыңғылықты зерттеді. «Этнопедагогизация экологического воспи-тания младших школьников в казахской школе» тақырыбында кандидаттық, «Этнопедагогиканы жеке оқу пәні ретінде құрудың ғылыми негіздері» атты докторлық диссертациясын (2008ж.) сәтті қорғады. 2011 жылы педагогика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атанды.
Ғылыми жобалар: 2016-2017 жж. «Международное сотрудничество как фактор развития интеллектуального потенциала будущих специалистов в условиях глобализации» (ҚазҰПУ-мен бірлесіп) Халықаралық біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат орталығы, Германия, Дюссельдорф қ.); 2020-2022 жж. «Формирование педагогического мастерства педагогов в условиях новых образовательных трендов как основа успешности профессиональной деятельности» (Ресей, Мәскеу қ. Мемлекеттік әлеуметтік университеті және ҚазҰПУ-мен бірлесіп); 2020-2022 жж. «Психолого-педагогическая поддержка социально-культурной адаптации иностранных студентов в системах высшего образования мультикультурных регионов Южного Федерального округа Российской Федерации и Республики Казахстан» г.Элиста.