Артқа
Шугаева Гүлшат Қоңыратқызы
п.ғ.к., аға оқытушы
Өмірбаян
Шұғаева Гүлшат Қоңыратқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1964 жылы 22 қарашада Атырау облысы, Балықшы ауданы, Балықшы поселкесінде дүниеге келді. Жалпы еңбек өтілі- 38 жыл, оның ішінде жоғары оқу орынында- 35 жыл.
1981 жылы Атырау обл., Балықшы ауд. Абай атындағы орта мектебін бітірген. 1981 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, 1986 жылы аталған институтты аяқтады. 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірді.
1986-1989 жылдар аралығында Балықшы ауданының орта мектептерінде мұғалім қызметін атқарды.
1989 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика және психология кафедрасында оқытушы, 1991-1993 ж.ж. университеттің Ғылыми кеңесінің хатшысы, 2005-2009 ж.ж. сырттай қысқартылып оқыту факультетінің декан орынбасары, 2014-2022 ж.ж. Психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1990 жылы Мәскеу қаласындағы Педагогика ғылымдар Академиясы жанындағы Білім жетілдіру институты курсынан өтті. 1994-1997 ж.ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің күндізгі оқу аспирантурасында оқыды.
2006 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша «Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған мектептердің дамуы (1930-1960 жж.)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылғы 19 мамырдағы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін берілді.
Педагогика және психологияның өзекті мәселелеріне арналған 60-ге жуық ғылыми мақалалары орталық басылымдарда, шетел журналдарында, республикалық, халықаралық конференциялар жинақтары және 1-оқулық, 2 - Оқу-әдістемелік құралы және 4 - Оқу құралы, 1 –электронды оқулықтың авторы. «Жоба арқылы оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулық» (әдеби туынды) авторлық құқық объектісіне куәлігі бар.
Simon Fraser университеті (Канада) Білім беру факультетінің PhD, профессоры Роберт Уильямсонның жетекшілігімен «Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру тәжірибесін бағдарлайтын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы Канада-Иордания-Казахстан Халықаралық жобасының зерттеу тобының мүшесі ретінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
«Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтардың үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» тақырыбындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ғылым комитетінің мақсатты бағдарламалық қаржыландыру гранттық жоба мүшесі. «Х.Досмұхамедұлының ғылыми еңбектерін үш тілде контенттік цифрландыру негізінде виртуальды мұражай-зертханасын құру» тақырыбындағы университетішілік жоба мүшесі.