Артқа
Уразова Гүлназым Татангалиевна
аға оқытушы
Өмірбаян
Уразова Гулназым Татангалиевна – сеньор -лектор. 1965 жылы24 шілде айында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген.
1984-1988 жж. аралығында Гурьев педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша “Мектепке дейінгі педагогика мен психология оқытушысы. Әдіскер” классификациясын алып шықты.
Қазақстан Республикасының БҒСҚК ұсынған ғылыми басылымдарда бірнеше мақаласы жарияланған. Еңбек жолында ғылыми еңбектері жарық көрген, оның шетелдік ғылыми «Wеb of Scence» және «Scopus» журналдарында және ҒжЖБССҚК журналдарында мақалалары жарияланып жарық көрді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іскерлігін қалыптастыру (жаратылыстану бағыты оқу әдістемелік құрал) жарыққа шықты.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма-төрағасы-ректорының Алғыс хатымен марапатталды. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды (2025 ж). Қазіргі уақытта 6В01202-Мектепке дейінгі оқыту, 6В01302- Бастауыш білім беру мамандықтары бойынша практикаға жауапты.