Артқа
Абдол Элеонора Досжанқызы

Абдол Элеонора Досжанқызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а

Өмірбаян

Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Байланыс телефондары: +7-7014268595 Email. пошта: e.abdol @asu.edu.kz Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы: 2001 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемелекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Мамандығы шетел тіл. Біліктілігі ағылшын тілінің мұғалімі. 2010 жылы «13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ғылыми қызығушылықтары: ағылшын тілін оқыту әдістемесі, лингвомәдениеттану, шет тілінде білім берудің заманауи әдістемесінің мәселелері Оқытатын курстары 1.Базалық негізгі шетел тілі ( В1деңгейі ) 2.Базалық негізгі шетел тілі ( В2 деңгейі ) 3.Елтану 4.Арнайы кәсіби шетел тілі 5.Шет тілдік білім берудің заманауи әдіснамасы Кәсіби қызмет: Кәсіби жұмыс өтілі 26 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі 24 жыл. 1999ж. № 43 «Арман» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынға уақытша ағылшын пәнінің мұғалімі. 2000ж.№27 қазақ орта мектебіне ағылшын пәні мұғалімі. 2001ж.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің фонетика кафедрасына оқытушы- стажер. 2006ж.Ағылшын тіл негіздері кафедрасының аға оқытушысы. 2009ж.Әлем тілдері факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары. 2013ж.Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі. Марапаттары: 1.Университет Ректорының Алғыс хаттары (2015ж., 2018ж.), 2.Атырау қалалық мәслихатының Алғыс хаты (2016 ж.), 3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет громотасы (2017 ж.), 4. «А.Байтұрсынов» атындағы төсбелгісі (2024ж.) 5.«ЖОО Үздік оқытушысы-2017» грант иегері, 6.Болашақ бағдарламасының стипендиаты, Ұлыбритания, Лестер 2022ж. Ғылыми тағылымдамалар: 1.«Innovation Management in the German Education System» тақырыбында ғылыми тағылымдама, Германия, Дюссельдорф, Генрих Гейне Университеті, 2018ж. 2. Франция, Пуатье, Пуатье университеті, 2018ж, 2025ж. 3.Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағылымдама, Ұлыбритания, Лестер, Лестер университеті, 2022ж.