Артқа
Әуелбаева Гүлсара Саламатқызы
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Әуелбаева Гүлсара Саламатқызы - аға оқытушы, магистр. 1987 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Махамбет ауданы, Алға селосында дүниеге келген.
2005-2009 жж. аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алып шықты. 2009-2011 ж.ж. аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» бойынша магистратураны оқып, магистр академиялық атағын алды.
Қазақстан Республикасының БҒСҚК ұсынған ғылыми басылымдарда бірнеше мақаласы жарияланған.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды. Республикалық пәндік олимпиадаларға студенттерді дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталған.