Артқа
Бисенбаева Рита Нұрланқызы

Бисенбаева Рита Нұрланқызы

Қауымдастырылған профессор, PhD

Өмірбаян

1981 жылдың 16 мамырында Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1998–2002 жылдар аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде білім алып, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алған. Кейін 6D052000 – Іскерлік әкімшілік жүргізу мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие болған. Еңбек жолын 2002 жылдың 2 қыркүйегінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ағылшын тілі кафедрасының фонетика секциясында оқытушы-стажер ретінде бастаған. 2004 жылдың 24 маусымында Аударма ісі кафедрасының оқытушысы болып қызметін жалғастырдым 2007 жылы Шетел тілдері факультетінің декан орынбасары лауазымына тағайындалды. 2009 жылдан бастап Аударма теориясы және практикасы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап «Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде» ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде еңбек етті. 2011 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Шет тілдері кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Сол жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне қайта оралып, Аударма ісі теориясы мен практикасы кафедрасында аға оқытушы ретінде қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қарашасынан бастап қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінде университет басқармасының шешімімен Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры лауазымына үш жыл мерзімге тағайындалды.