Артқа
Абилова Орынгүл Асылбекқызы
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Абилова Орынгуль Асылбековна – Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының сеньор-лекторы, магистр.
Ғылыми-зерттеу бағыты – мектепке дейінгі білім беру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі, логикалық-ақпараттық мәдениеті, цифрлық білім беру технологиялары және инновациялық педагогикалық үдерістер. Халықаралық Scopus, Web of Science деректер базаларында және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалары жарияланған. Бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Хирш индексі – 2.
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілер бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен авторлық куәліктердің иегері. Университетішілік «Инновациялық білім беру экожүйесі: мектепке дейінгі балалардың ерте дамуын STEM, экология және цифрлық технологиялар интеграциясы негізінде жетілдіру» атты ғылыми жобаға қатысып, мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасын талдау, цифрлық технологияларды енгізу, STEM және экологиялық бағыттағы инновациялық тәжірибелерді зерделеу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректорының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығының Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға студенттерді дайындағаны үшін бірқатар алғыс хаттарға ие.