Артқа
Жамбылова Гульфия Жамбыловна
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Өмірбаян
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, жоғары білім беру жүйесінде тәжірибесі мол, білікті педагог және зерттеуші.
Ол 2004 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтында «Экономика» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасында оқытушы ретінде бастап, бүгінгі күнге дейін осы оқу орнында қызмет атқарып келеді.
Ғылыми қызығушылықтары менеджмент, инвестициялар және ауыл шаруашылығы экономикасы бағыттарын қамтиды. Осы салалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда көптеген мақалалар жариялаған. Оның еңбектері аграрлық секторды жаңғырту, инновациялар, банктік тәуекелдерді басқару, өңірлік экономика және цифрлық технологиялар мәселелеріне арналған. Сонымен қатар Scopus базасына енгізілген халықаралық журналдарда да ғылыми мақалалары жарық көрген.
Гульфия Жамбыловна оқу-әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысады. Ол «Экономикалық талдау» (2014), «Сақтандыру» (2014), сондай-ақ ағылшын тіліндегі «Insurance» (2022) оқу құралдарының авторы. Сонымен бірге «Сақтандыру» электрондық оқу құралына авторлық құқықпен қорғалған куәлік иегері (№6376, 2019 ж.).
Біліктілігін арттыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен Coursera платформасында бірқатар курстар мен тағылымдамалардан өткен. Атап айтқанда, стратегиялық менеджмент, макроэкономика, қаржы, инклюзивті білім беру, академиялық жазылым, жасанды интеллект және нейрондық желілер бағыттары бойынша сертификаттарға ие.
Педагогикалық қызметінде «Менеджмент», «Мемлекеттік басқару теориясы», «Стратегиялық менеджмент», «Инвестициялық жобаларды басқару», «Өндірістік және операциялық менеджмент», «Мемлекеттік сатып алу», «Мемлекеттік басқаруда шешім қабылдау» пәндерінен дәріс береді.
Еңбегі жоғары бағаланып, 2009 жылы Атырау облыстық мәслихатының алғыс хатымен, 2020 жылы «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталған.