Артқа
Копашева Айымгул Айтбаевна
Магистр, сеньор лектор Aimgul84 @mail.ru
Өмірбаян
Кәсіби қызмет:
Кәсіби өтілі 17 жыл. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және ауылшаруашылық факультетінің Химия кафедрасында лаборант, 2014жылы Биология және ауылшаруашылық мамандықтар кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасайды.
2021-2024 ж аралығында Жаратылыстану ғылымдары факультетінде ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары жұмысын атқарады.
Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы:
2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетіне түсіп, 2006 жылы химия- биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы Жаратылыстану ғылымдары магистрі.
Ғылыми қызығушылықтары: Ғылыми қызығушылықтары: топырақтану, хронобиология пәндері аясында топырақ құнарлылығы, агроэкожүйелердің тұрақтылығы, биоритмдердің тіршілікке әсері, ағзалардағы биологиялық ырғақтардың заңдылықтары және оларды ауыл шаруашылығында тиімді қолдану.
Оқытатын курстары:
Топырақтану (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады), кәсіби қазақ орыс тілі пәні (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады), Өсімдік шаруашылығы пәні бойынша (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады), жануарлар хронобиологиясы (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады).