Артқа
Бержанова Мағия Ізғалиқызы

Бержанова Мағия Ізғалиқызы

Магистр, сеньор лекторы ms.berzhanova@bk.ru

Өмірбаян

Кәсіби қызмет: Кәсіби өтілі 25 жыл 2000 жылы Алмалы ауылындағы Алмалы орта мектебінде биология, валеология пәндерінің оқытушысы 2004 – 2008 жыл аралығында Атырау облыстық тарихи - өлкетану музейінің «Табиғат» бөлімінің аға ғылыми,ғылыми қызметкер 2008 – 2010 жылы Каспий өңірінің Қазіргі замандағы колледжінде экология, биология пәнінің оқытушысы 2010 жылдың шілде айынан бастап,оқу бөліміне әдіскер ретінде қабылданып, қыркүйек айынан бастап Биология кафедрасына пән оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданған. Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы: 2000 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің,биология пәнінің мұғалімі мамандығын бітірді. 2017 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі 7М060700 Биология мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы Жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген Ғылыми қызығушылықтары: Жер алмұртын (топинамбур) өсіру технологиясы және оның құрамындағы белсенді заттарға сипаттама, Ботаника, Білім берудегі биология. Оқытатын курстары: Жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері(курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады), Ботаника (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады), Биоэтика пәні бойынша ( қазақ тілдерінде оқылады), «Жоғары жүйке жүйесінің физиологиясы»пәні бойынша (курс орыс, қазақ тілдерінде оқылады). Гидробиологиялық зерттеу тәсілдері(курс қазақ тілдерінде оқылады).