Артқа
Сабирова Рысты Куандыковна

Сабирова Рысты Куандыковна

Эономика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Білімі. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы: 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының (Нархоз университеті) экономика және еңбекті нормалау факультетін бітірген. "Еңбекті ұйымдастыру және нормалау" мамандығы, "инженер-экономист" біліктілігі. Алматы халық шаруашылығы институты (1990ж.), Гурьев механикалық зауытында жоспарлау бөлімінде экономист (1990ж), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Экономика және менеджмент" кафедрасының оқытушы, аға оқытушы (1994-2000жж.), "Экономика және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі (2000-2013жж.), М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде экономика, менеджмент және туризм кафедрасының доценті (2013-2016ж.), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде менеджмент кафедрасының доценті (2014-2016жж.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Экономика" кафедрасының меңгерушісі (2016ж.), бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді. 2007 жылы "08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2010 жыл – доцент (қауымдастырылған профессор)ғылыми атағы 2022 жыл – "08.00.00-Экономика"мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы Ғылыми қызығушылықтары: Еңбек экономикасы, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, еңбек нарығы, жұмыссыздық, кәсіпорын, ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығы, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 8 - авторлық куәліктің иегері, 6 оқу құралы, соның ішінде РОӘК ұсынған 2 оқу құралы, 5 монографиясы жарыққа шыққан, ғылыми жетекшілік жасаған 50-ден астам магистранттары қорғады. 2 PhD докторант ғылыми кеңесшісі. Scopus және Web of Science базасындағы жоғары импакт факторлы ғылыми журналдарында 10 ғылыми мақалалары жарияланды (һ-4). 60-тан астам мақаласы БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда жарыққа шықты. Іргелі зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми гранттар: 1.BR21882382 «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер атластарын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының аға ғылыми қызметкері 2. 2020-2021 жж.- "Қазақстан Республикасында жұмыссыз жастарды белгісіздік жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру" жобасының ғылыми жетекшісі. AP08956950 ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекеттік қаржыландыру жобасы. 5 млн.тг мөлшерінде грантқа ие болды. 3. 2021-2024 жылдарға арналған Эразмус+ бағдарламасы аясындағы Халықаралық жоба. Рег. нөмірі: 617309-EPP-1-2020-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP - "Орталық Азияда түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттерге инновациялық тәсілдер мен кәсіпкерлік дағдыларды ынталандыру" (Trigger). 4.2022-2025 жж. - ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру бойынша жетекші ғылыми қызметкер "Қазіргі Қазақстан жағдайында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәуекелге бағдарланған ұйымдық-экономикалық тетіктері" 5.2023 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми техникалық кеңесінде мақұлданған «Атырау облысы бойынша экологиялық таза көкөністер нарығын маркетингтік зерттеу мен талдау» деген ғылыми жобасы 1.04-31.12.2023 ж. аралығында жүзеге асыру үшін 2 млн.теңге мөлшерінде грантқа ие болды. 6.2018-2019 жж."Инновациялық экономика жағдайында еңбек нарығын дамыту: шетелдік және қазақстандық тәжірибе" жобасының ғылыми жетекшісі. Рег. № 0118РКИО113 бастамашыл жоба 7. 2019-2020 жылдары "Кәсіпорынның инновациялық қызметін бизнес-жоспарлау жүйесін қалыптастыру" жобасының ғылыми жетекшісі. № 0119РКИО330 бастамашыл жоба Оқылатын курстар:"Кәсіпорын экономикасы";" Фирманың экономикалық қауіпсіздігі"," «Еңбек нарығының экономикасы","Аумақтың маркетингі","Кәсіпкерлік негіздері". Оқулықтар, оқу құралы. Еңбек экономикасы (1998)," Кәсіпорын экономикасы "(РУМС, 2009)," Еңбек нарығының экономикасы "(2009)," Өндірісті ұйымдастыру және салалық кәсіпорындарды басқару "(2017)," Entrepreneurship in innovative economy "(2018)," Экономика және кәсіпорынды басқару " (РУМС 2022). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D04102 – Экономика», «8D04117 - Инновациялық менеджмент» кадрларды даярлау бағытындағы PhD докторлық диссертация кеңестерінің уақытша мүшесі, ресми рецензент. Дюссельдорфф университетінде (2013, 2018 ж., Германия), Эразмус+» бағдарламасымен Вена Университетінде (2022 ж., Австрия), Афины университетінде (2023 ж., Греция), тағылымдамалардан өткен. ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2010ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің «Үздік оқытушы -2017» гранты, төс белгісімен (2018ж.), Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің «Білім беру саласының Үздігі» төс белгісімен (2019ж.), Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын төсбелгісімен» (2020ж.), «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен (2021ж.), ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2023ж.) марапатталған.