Артқа
Жусупов Рысбек Сабыртаевич
PhD, қауымдастырылған проф.м.а
Өмірбаян
ЖУСУПОВ Рысбек Сабыртайұлы - 1986 жылы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылында дүниеге келген. Экономика мамандығы бойынша PhD докторы (2019 жылы). Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, экономика факультетінің «Қаржы» мамандығын (2007 жылы), ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша «Экономика» мамандығының магистратурасын (2009 жылы), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Экономика мамандығы бойынша докторантураны (2018 жылы) бітірген. «Болашақ» бағдарламасы аясындағы Лондондық Брунел университетінде шетелдік ғылыми тағлымдамасын аяқтаған (2014 жылы). 2024 жылдан бастап «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Қаржы және есеп» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді. Р.С.Жусупов 1 ғылыми жобаның жетекшісі, 1 оқу құралының, 30 -дың үстінде ғылыми мақалалардың авторы. «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі 500 ғалым жобасының иегері (2024ж., Джордж Вашингтон университет).