Артқа
Кадырбергенова Асель Калшекеевна
PhD, қауымдастырылған проф.м.а
Өмірбаян
КАДЫРБЕРГЕНОВА Асель Калшикеевна - 1980 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. PhD докторы (2018 жылы). Атырау мұнай және газ институтының «Мұнайгаз өндірісіндегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша инженер-экономист біліктілігін (2001 жылы), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Экономика» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтап (2013) экономикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алған. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Экономика» мамандығы бойынша докторантураны (2017 жылы) бітірген. 2002 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Есеп және маркетинг» кафедрасына оқытушы-стажер қызметіне қабылданып, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Бизнес мектебінде 2023 жылға дейін қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Қаржы және есеп» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді. А.К.Кадырбергенова 1 монографияның, 1 оқу құралының, 70 -тен астам ғылыми мақалалардың авторы. Басқарма төрағасы -ректор алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған марапатталған (2019ж.). a.kadyrbergenova@asu.edu.kz