Артқа
Сүлейменова Гүлнар Науханқызы
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған проф.м.а
Өмірбаян
СУЛЕЙМЕНОВА Гульнар Науханқызы - 1961 жылы 15 ақпанда Батыс-Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004 жылы). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты инженерлік-экономикалық факультеті, «Кең тұтынылатын заттардың өнеркәсібін ұйымдастыру және экономикасы» мамандығын бітірген (1983 жылы). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі (1996-2005 жылдары), М.Өтемисов атындағы Батыс-Қазақстан университетінің факультет деканы, сапа менеджменті және аккредиттеу орталығының директоры, жоғары білім саласында экономика мәселелері бойынша аймақтық Орталық директоры қызметтерін атқарып келеді. Г.Н.Сулейменова 3 монографиялардың, 20 әдістемелік нұсқау, 6 оқу құралдың, 10 электрондық оқулықтың, 120 -ның үстінде ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми еңбектері РЖА ұйымдастырған АҚШ халықаралық көрмеде жарық қөрді. Ресейдің Жаратылыстану Академиясының «Ғылым мен техниканың дамуына еңбегі сінген» төсбелгісінің, «Европейское качество» Алтын медалінің, «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері», «Білім беру ісінің үздік педагогы» атақтарының иегері. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-ның Бақылау кеңесінің мүшесі қызметін атқарған, бірнеше рет ҚР Білім және ғылым министрінің, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары әкімінің мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталды.