Артқа
Кенжегалиева Зита Жанабаевна

Кенжегалиева Зита Жанабаевна

Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а., кафедра меңгерушісі

Өмірбаян

КЕНЖЕҒАЛИЕВА Зита Жаңабайқызы (16.05.1981ж.т. Гурьев (қазіргі Атырау). Экономика мамандығы бойынша PhD докторы (2019 ж.). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультеті «Қаржы және несие» мамандығын (2002 ж.), Атырау мұнай және газ институты «Экономика» мамандығы бойынша бейінді магистратураны (2003 ж.), М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті «Экономика» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураны (2014 ж.), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Экономика мамандығы бойынша докторантураны (2019 ж.) бітірген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің декан орынбасары, студенттерді тіркеу бөлімінің бастығы, жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, кафедра меңгерушісі (бүгінге дейін) қызметтерін атқарып келеді. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ РОӘК) Жобаларды басқару тобының мүшесі, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) экономикалық эксперты. З.Ж.Кенжегалиева 2 ғылыми жобаның жетекшісі; 1 авторлық, 1 ұжымдық монографиялардың, 1 оқу құралының, 1 электронды оқу құралы, 50 -дің үстінде ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Құрмет грамотасымен (2021 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен (2022 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен (2024 ж.), Қазақстан Республикасы Ғылым үздігі құрмет дипломы (2025 ж.), марапатталған.