Артқа
Тажигалиева Марта Жанабайқызы

Тажигалиева Марта Жанабайқызы

з.ғ.м., аға оқытушы

Өмірбаян

1982 жылдың 9 наурыз айында Атырау қаласында дүниеге келді. 1989 жылы №2 В.В.Куйбышев атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1999 жылы бітірген. 1999 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, 2003 жылы заңгер мамандығы бойынша аяқтады (1999-2003жж.) 2003ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің «Теориялық құқық пәндер» кафедрасына оқытушы-стажер ретінде жұмысқа алынып, 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтық құқық пәндері» кафедрасында аға оқытушы лауазымында қызмет атқарады (2006). 2020 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы мекемесіне түсіп, 2022 жылы Құқықтану мамандығы бойынша Заң ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды Халықаралық, республикалық конференцияларда 50-дан астам ғылыми мақалалары жарияланған. Біліктілік көтеру: «Инклюзивті білім беру жагдайында ерекше білім беру кажеттілігі бар білім алушыларды педагогикалык-психологиялык колдау жумысын ұйымдастыру» 2026 ж.Алматы қ. Атырау қаласы әкімінің Алғысхатымен (2015), Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Алғысхатымен (2016), Университет ректорының Алғысхатымен (2017), Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысхатымен марапатталды.