Артқа
Сарсенова Алия Борисовна

Сарсенова Алия Борисовна

заң магистр,аға оқытушы

Өмірбаян

1981 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Атырау қаласындағы Исатай Тайманов атындағы орта мектебін бітірген. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің “Юриспруденция” мамандығын тәмамдаған. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің “Есеп және аудит” мамандығында оқыған. 2015 жылы ТҰРАН-АСТАНА университетінде Құқықтану мамандығы магистрі дәрежесі берілді. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы оқытушы-стажер болып жұмысқа қабылданды. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне қосалқы жұмысшы ретінде Заң факультетінің декан орынбасары болды. 2019 жылы еңбек шарты негізінде азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарды. Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 2012 жылы ректордың алғыс хатымен, 2014 жылы ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры алғыс хатымен, 2020 жылы «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының құттықтау хатымен, 2021 жылы Атырау облысы әкімі алғыс хатымен марапатталды.