Артқа
Уталиева Райхан Сагитжановна

Уталиева Райхан Сагитжановна

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

Өмірбаян

Білімі. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы: 1993 жылы Атырау педагогикалық институтының, филология факультетін бітірген. 1999 жылы Атырау Мұнай және газ институтының, Кәсіпорындағы экономика және менеджмент мамандығын бітірген. Атырау Мұнай және газ институты (1993ж.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (2013-2023ж.), Экономика және құқық факультетінің деканы лауазымында бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді. 2006 жылы - «13.00.01.-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ғылыми қызығушылықтары: Менеджмент, Уақытты басқару, Персоналды басқару, стратегиялық менеджмент. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 1 - авторлық куәліктің иегері, 4 оқу құралы, 2 монографиясы жарыққа шыққан, ғылыми жетекшілік жасаған 30-дан астам магистранттары қорғады. Scopus және Web of Science базасындағы жоғары импакт факторлы ғылыми журналдарында 6 ғылыми мақалалары жарияланды (һ-2). 40-тан астам мақаласы БҒМ БҒСҚК бекіткен журналдарда жарыққа шықты. 101- Оқылатын курстар: «Менеджмент»; «Тайм менеджмент», «Стратегиялық менеджмент», «Персоналды басқару». Оқулықтар, оқу құралы. «Операциялық және өндірістік менеджмент» (2021), «HR-менеджмент» (2022), «Менеджмент» (2023), «Управление корпоративными медиа-комуникациями» (2024). «Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы тікелей шетелдік инвестициялардың рөлін талдау және бағалау» атты Монография (2018), «Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығы: сауда-экономикалық аспект» атты Монография (2020). Дюссельдорфф университетінде (2018ж., Германия), 18 март университеті (2022ж., Туркия) тағылымдамалардан өткен. ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2016ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің «Үздік оқытушы -2017» гранты, төс белгісімен (2018ж.), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Үздігі педагогы» төс белгісімен (2020ж.), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі Құрмет дипломымен (2024ж.) марапатталған.