Артқа
Жумагазиева Салтанат Хайрлиевна
сеньор лектор
Өмірбаян
1992 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сол жылы қыркүйек айында Гурьев педагогикалық институтының практикалық қазақ тілі кафедрасына жұмысқа қабылданды. 1994-2010 жылдары - практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылдан бастап күні бүгінге дейін орыс филология кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқаруда. Орыс және қазақ тілдерінің салыстырмалы типологиясы мәселелері бойынша 12 мақаласы жарияланған.
Атырау облыстық және қалалық соттардың шақыруы бойынша қазақ тілінен орыс тіліне аудармашы ретінде сот процестеріне қатысады. Соттың лингвист маманды тарту туралы қаулылары негізінде ҚР ҚК-нің 130-бабымен қозғалған қылмыстық істер бойынша лингвистикалық зерттеулерді жүргізеді. 2011 жылдан бастап 150-ден астам лингвистикалық зерттеулер дайындалған.
Еңбек қызметі барысында университеттің, облыстық әкімшіліктің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен, А.Байтурсынов атындағы (2023ж.) медалімен марапатталған.