Артқа
Джумагалиева Узим Зинешовна
Кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Джумагалиева Узим Зинешовна - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. 1982 жылы 8 қыркүйек күні Гурьев қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Атырау қаласы А.С.Пушкин атындағы №20 орта мектебін бітірген, сол жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Есеп және қаржы» мамандығына түсіп, одан кейін 2017 жылы «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім алды.
2017-2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып, педагогика ғылымдар магистрі атағына ие болды.
2006-2017 жж. аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің заң, тарих-филология, гуманитарлық және шет тілдері факультеттерінің деканат хатшысы қызметін атқарды; 2017-2019 жж. – осы ЖОО-ның «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының лаборант болып, ал 2019 жылы орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы ретінде қабылданды.
2021-2024 жж. Әл-Фараби атандағы Қазақ Ұлттық университетінде 8D01704 - «Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша толық академиялық курсын аяқтады. 2026 жылы 3 шілде күні Әл-Фараби атандағы Қазақ Ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «В.Михайлов шығармаларындағы көркем өмірбаян жанрының эволюциясы: жоғары оқу орнында оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, 8D01704 - «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы PhD дәрежесі берілді.
2023-2024 жж. - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті орыс филологиясы кафедра меңгерушісі қызметін атқарушы, 2024 жылдан бастап – кафедра меңгерушісі. 2026 жылдың қыркүйк айынан бастап Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің орыс филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы.
Филологиядағы өзекті мәселелер, қазіргі әдеби процесс, филологиялық білім берудегі инновациялық технологиялар бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференциялармен қатар, бір оқу құралының, екі ұжымдық монографияның және 30-дан аса мақаланың бірлескен авторы (оның ішінде ҒЖБССҚК және Scopus деректер базасында тіркелген журналдарда).
2024 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғысымен марапатталды.
u.dzhumagaliyeva@asu.edu.kz
uzima8282@mail.ru