Артқа
Нұғыманова Алмагүл Қабылқызы
педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Өмірбаян
(05.08.1975 ж.т., Атырау қаласы) – педагогика ғылымдарының магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы.
1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген. 1999 жылдан бастап университетте педагогикалық қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде 1 көмекші оқу құралы мен 30-ға жуық ғылыми мақаланың авторы болған.
Нұғыман Алмагүл Қабылқызы қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы білім беру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Оның ғылыми қызығушылықтары: педагогикалық әдістемелер, тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту әдістемесі.
2016 жылы облыстық қазақ тілі оқытушылары арасындағы «Үздік оқытушы» конкурсында І орын иегері атанды. Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының Алғыс хаттарымен марапатталған.