Артқа
Дәулетова Анаргүл Нәсіпқалиқызы
филология магистрі
Өмірбаян
(14.06.1981 ж.т., Атырау қаласы).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген (2004). Филология магистрі.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2004 жылдан еңбек етіп келеді.
2010-2015 жылдары Тарих-филология факультеті оқу-ісі жөніндегі, 2021-2022 жылдары Көптілді білім беру факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
1 көмекші оқу құралы және 20-ға жуық ғылыми мақаланың авторы. Атырау облысы әкімінің және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет дипломымен марапатталған.