Артқа
Елеуова Айгүл Сергейқызы

Елеуова Айгүл Сергейқызы

филология ғылымдарының кандидаты,

Өмірбаян

(06.08.1970 ж.т., Атырау қаласы). №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектепті бітірген (1987 ж.). Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1993 жылы Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004-2007 жж. Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми ізденуші. 1993 жылдан бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы, аға оқытушы, декан орынбасары, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (2016-2020 жж.) қызметтерін атқарып келеді. 2 оқу-әдістемелік құрал және 70-ке жуық ғылыми мақалалары жарияланған. Шетелдік, отандық ЖОО базасында ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік бағыттағы біліктілікті жетілдіру курстарынан және Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2019 жылы Түркия Республикасы, Стамбул мемлекеттік университеті, 2026 жылы Нийде Халисдемир университеті базаларында ғылыми тағылымдамадан өткен. Қызмет барысында әр жылдарда қала, облыс әкімдігі, университет ректорының Алғыс хаттары және ҚР ҒжЖБМ Дипломымен марапатталған.