Артқа
Муксиева Жазира Аманжанқызы

Муксиева Жазира Аманжанқызы

педагогика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор

Өмірбаян

Муксиева Жазира Аманжанқызы — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының сеньор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі. 1981 жылы 6 тамызда дүниеге келген. 1998–2002 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика, психология және өнер факультетінде білім алып, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2013–2015 жылдары осы университетте «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. Еңбек жолын 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында оқытушы ретінде бастады. 2009 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарып, кейін сеньор-лектор ретінде кәсіби-педагогикалық қызметін жалғастырып келеді. Көпжылдық еңбек тәжірибесі барысында көркем білім беру, эстетикалық тәрбие және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту бағыттарында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіби біліктілігін тұрақты түрде жетілдіріп отырады. Әр жылдары қашықтан оқыту, SMM және маркетинг, Instagram-аккаунттарды дамыту және монетизациялау, графикалық дизайн, Adobe Photoshop және SketchUp бағдарламалары, textile design and art, педагогикалық білім моделін енгізу, инклюзивті білім беру, кәсіби қызмет сапасын арттыру және академиялық жазылым бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар заманауи цифрлық ортада веб-қосымшаларды әртүрлі платформаларда әзірлеу бағытында да тәжірибесі бар. Ғылыми-әдістемелік қызметінің нәтижесінде 2016 жылы «Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері пәні негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралын жарыққа шығарды. Оның педагогикалық ізденістері көркем білім беру, эстетикалық талғам қалыптастыру және оқыту үдерісін жетілдіру мәселелерімен сабақтас. Ғылыми және кәсіби ортада белсенділік танытып, «Жастар және ғылым: бүгін және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға 2022 және 2023 жылдары қатысты. Жазира Аманжанқызы шығармашылық, қоғамдық және спорттық қызметтері үшін бірқатар марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, 2011–2013 жылдары өткен «Атыраудың сырлы жауһарлары» көрмелеріне белсенді қатысқаны үшін бірнеше алғыс хатпен марапатталған. 2013 жылы қолөнер және көркем шығармашылық бағытындағы еңбегі үшін мәдени ұйымдардың алғысына ие болды. 2016 жылы EXPO-2017 аясындағы көркемдік плэнер көрмесіне қатысқаны үшін дипломмен және университетішілік «Екі жұлдыз» ән байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2021 және 2024 жылдары университеттің дәстүрлі спартакиадасында шахматтан І орын иеленді. 2022 жылы Түркияда өткен II халықаралық «PANORAMA» өнер лагерінің онлайн көрмесіне қатысқаны үшін дипломмен, сондай-ақ «Үздік куратор – 2022» байқауында «Талантты куратор» номинациясымен марапатталды.