Артқа
Абзалов Ернар Абзалұлы
дінтану магистрі, сеньор-лектор
Өмірбаян
Абзалов Ернар Абзалұлы — дінтану магистрі, сеньор-лектор. 1995 жылы 2 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген.
2001–2012 жылдары Атырау облысы Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектепте білім алған. 2012–2016 жылдары Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Тарих, құқық және экономика факультетінде «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2016–2018 жылдары Атырау облысы Дін істері басқармасы жанындағы Ақпараттық-талдау орталығында маман, кейін бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2017–2020 жылдары Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қоғам тарихындағы дін» бағыты бойынша магистратурада білім алып, педагогика магистрі дәрежесін иеленген.
2018–2024 жылдары «Шапағат» қоғамдық қорында (деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы) тарихшы-дінтанушы ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, 2021–2022 жылдары «Жәрдем Атырау» корпоративтік қорында дінтанушы-тарихшы қызметін қоса атқарған.
2020 жылы Түркиядағы Эрджиес университетінде «Діндер тарихы» мамандығы бойынша докторантурада білім алған.
Ғылыми-зерттеу бағыттары: дін тарихы, ислам тарихы, деструктивті діни ағымдар мәселелері.
2022 жылы «Қазақ даласындағы ислам тарихы. Бірінші кезең» атты кітабы жарық көрген.