Артқа
Тулегенова Айгул Қажымұратқызы
гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор
Өмірбаян
Төлегенова Айгүл Қажымұратқызы — гуманитарлық ғылымдар магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сеньор-лектор. 1979 жылы 9 ақпанда Атырау облысы, Балықшы ауданында дүниеге келген.
1986 жылы Аманкелді атындағы орта мектепті бітірген. 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы философия мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алған. Сол жылы Ақтөбе қаласында «Техникалық өркениет жағдайындағы адам мәселесінің ерекшелігі» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғаған.
2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет атқарып келеді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша аға оқытушы, кейін сеньор-лектор ретінде еңбек етеді.
Ғылыми-әдістемелік қызметі аясында жаңа білім беру талаптарына сәйкес «Философия», «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендердің авторы. Сонымен қатар «Қазақ мәдениеті» бойынша қосымша оқу құралын дайындап, оқу үдерісіне енгізген.
30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. «Қазақ халқының мәдениеті» атты кітаптың авторы (Атырау, 2004 ж.).
Шетелдік басылымдардағы мақалалары:
1. El fenómeno de la cultura-información lógica del individuo… (Ad Alta, Мексика, 2019)
2. Specialized Education as a New Stage in the Improvement of Modern Education (Ad Alta, Чехия, 2020)
3. Interactive Cognitive Technologies as a Factor in the Activation of Students’ Cognitive Activity (Ad Alta, Чехия, 2020)