Артқа
Тоқсанбаева Гүлдана Ержанқызы

Тоқсанбаева Гүлдана Ержанқызы

философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Өмірбаян

Тоқсанбаева Гүлдана Ержанқызы — философия ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы. 1982 жылы 10 ақпанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін «Философия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жылы жолдамамен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің философия, әлеуметтану және саясаттану кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданған. 2003–2008 жылдары оқытушы, 2009 жылдан бастап кафедраның аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. 2009 жылы ҚР Философия және саясаттану институтында «Қазақ дүниетанымындағы махаббат феномені» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Ғылыми зерттеу бағыттары: философия тарихы, қазақ философиясы, ақын-жыраулар дүниетанымы. 12 ғылыми мақаланың авторы.