Артқа
Ахонова Меруерт Иманғалиқызы

Ахонова Меруерт Иманғалиқызы

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Ахонова Меруерт Иманғалиқызы — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының аға оқытушысы. 1968 жылы 6 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Атырау облыстық телерадиокомпаниясында тілші, редактор ретінде бастап, кейін облыстық тәуелсіз «Ақ Жайық» газетінде журналист қызметін атқарған. 2004 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2021 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Ғылыми және кәсіби қызмет аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып келеді. 2025 жылы Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты. 2025 жылы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған.