Артқа
Исмурзина Гүлнар Базарбайқызы

Исмурзина Гүлнар Базарбайқызы

гуманитарлық ғылымдар магистрі, сеньор-лектор

Өмірбаян

Исмурзина Гүлнар Базарбайқызы — гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының сеньор-лекторы. 1965 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 1985–1990 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алып, журналист, педагог, филолог біліктілігін иеленген. Еңбек жолын 1990 жылы Атырау облыстық телерадиокомитетінде тележурналист, редактор ретінде бастады. 1992–2005 жылдары Х.Нәубетов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. Кейін Исатай аудандық оқушылар үйінде тіл маманы, аудандық «Нарын таңы» газетінде тілші, аудандық білім бөлімінде тіл пәндерінің әдіскері және штаттан тыс тілші қызметтерін атқарды. 2012–2013 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжде баспасөз хатшысы әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы болды. 2013–2017 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында аға оқытушы және бөлімнің бас маманы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еңбек етеді. Осы жылдар аралығында факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, эдвайзер қызметтерін атқарып, 2023 жылдан бері сеньор-лектор болып жұмыс істейді. Ғылыми бағыты — журналистика және филология. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Оқытатын пәндері: Журналистикаға кіріспе, Журналистің шығармашылық шеберлігі, Сандық фотожурналистика, Спорттық журналистика, Сценарий жазу шеберлігі. Біліктілігін арттыру және тағылымдамалар аясында Қалмақ мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Австрия, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және өзге де білім беру ұйымдары базасында медиа, журналистика, PR, медиасауаттылық, инклюзивті білім беру, академиялық жазылым және жасанды интеллект дәуіріндегі медиа мәселелері бойынша кәсіби курстардан өткен. Таңдаулы жарияланымдары: 1. И.Жақанов — қазақ халқының мәдени-рухани жанашыры // XXXIX халықаралық оқулар, Мәскеу, 2018. 2. «Қазақстандық БАҚ: жаһандану және рухани жаңғыру» // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, 2019. 3. «PR және бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді қарым-қатынас» // халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция, 2020. 4. «Оралхан Бөкей публицистикасының өзіндік ерекшеліктері» // халықаралық ғылыми конференция, 2020. 5. «Қазақ журналистикасының алғашқы редакторлары» // ғылыми журнал, 2020. 6. «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы публицистика» // халықаралық ғылыми-теориялық конференция, 2022. 7. «Телевизиядағы репортаж және оның негізгі белгілері» // халықаралық ғылыми конференция, Варшава, 2022. 8. «Ағартушы, педагог, аудармашы – Н. Залиев» // халықаралық ғылыми конференция, 2022. 9. «Журналистика және интернет технология: заманауи медианың дамуы» // халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2025. 10. «Исатай Балмағанбетовтың публицистикасы» // халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2025. 11. «Журналистика және интернет: ақпарат таратудың жаңа мүмкіндіктері» // халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2025. 12. «Балаларға арналған басылымдардың табиғаты мен стилі» // халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2025. 13. «М.Дулатов публицистикасындағы ұлттық сана мен азаттық идеясы» // «Наука» ғылыми-өндірістік журналы, 2025. Ғылыми-әдістемелік еңбектері қатарында 1 монография, 1 әдістемелік құрал, 1 көмекші құрал, 1 жинақ бар.