Артқа
Нұрланова Нұргүл Нұрланқызы

Нұрланова Нұргүл Нұрланқызы

магистр, сеньор-лектор

Өмірбаян

Нұрланова Нұргүл Нұрланқызы — филология ғылымдарының магистрі, «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының сеньор-лекторы. 1984 жылы 10 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті, 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығын, ал 2015 жылы осы университеттің филология магистратурасын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы аталған университеттің «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасында оқытушы-стажер ретінде бастаған. 2015 жылдан бастап «Орыс филологиясы және журналистика» кафедрасында оқытушы, 2016 жылдан аға оқытушы қызметін атқарды. 2017 жылдан «Журналистика» кафедрасында, ал 2023 жылдан «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасында сеньор-лектор қызметін атқарып келеді. Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасаған. 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары білім берудегі медиа және коммуникация: оқыту, білім алу және цифрлық трансформация» тақырыбында біліктілігін арттырды. Негізгі ғылыми еңбектері: 1. «Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері». Атырау университетінің хабаршысы, 2018. 2. «Вьетнам тіліндегі саяси журналистика», 2019. 3. «Фариза Оңғарсынованың публицистикалық очерктерінің ерекшелігі», 2019. 4. «Қ.Жұбановтың өнер туралы публицистикалық пайымдаулары», 2019. 5. «Ә.Кекілбаев — жазушы, аудармашы, ғалым, қайраткер», 2019. 6. «БАҚ-тың мәдениетаралық ақпараттық кеңістіктегі рөлі», 2019. 7. «Қазіргі БАҚ-тағы қазақ дизайнының когнитивті және эстетикалық аспектілері», 2019. 8. «Фотожанрлар мен баспасөз жанрларының ұқсастығы мен ерекшелігі», 2025. 2025 жылы Қарақалпақстан Республикасында өткен ғылыми конференцияда медальмен марапатталған.