Артқа
Бекежан Өмірбек Қадырханұлы
философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі
Өмірбаян
Бекежан Өмірбек Қадырханұлы — философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі.
1985–1990 жылдары Беларусь мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін «Философия» мамандығы бойынша тәмамдап, «философ, философия оқытушысы» біліктілігін алды.
Ғалымның кәсіби қызметі әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымды дамытуға бағытталған. Әр жылдары философия, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында оқытушы, кейін қауымдастырылған профессор қызметтерін атқарды. 2003–2017 жылдары аталған бағыттағы кафедраларды басқарып, оқу үдерісін жетілдіруге үлес қосты. 2018 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 2021–2023 жылдары «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасында профессор болды. Қазіргі таңда «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасына жетекшілік етеді.
Философия, ғылым тарихы мен философиясы пәндерінен дәріс береді. Ғылыми зерттеу бағыттары: әлеуметтік философия, техника философиясы, әлеуметтік мифология.
Ғылыми жобаларға жетекшілік етіп, қатысқан. Атап айтқанда:
– ҚР БҒМ гранты «Қазақстандағы шетелдік еңбек көші-қоны және тұрақты даму жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері» (2008–2009 жж.);
– «Қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі “естелік орындары”: қоғамдық кеңістіктегі коммеморация үдерістері» жобасы (2018–2019 жж.).
Біліктілігін арттыру және тағылымдамалардан өтіп, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында және Қырғыз-Түрік «Манас» университетінде («Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы) білімін жетілдірді.
Негізгі ғылыми еңбектері:
1. Дербестігіміз демографияда (қосалқы автор). Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
2. Қоғам және миф (оқу құралы). Алматы: Домино, 2002.
3. Техниканың философиялық аспектілері (оқу құралы). Алматы, 2007.
4. Техника феномені: әлеуметтік-философиялық талдау (монография). Атырау, 2016.
5. Әлеуметтік мифология (монография). Атырау, 2019.
6. Serikbol Kondibain mitoloji arastirmalarinda felsefei dusuncenin izleri // Kazak mitolojisi arastirmalari (ұжымдық монография). Анкара, 2022.
7. Sosyal mifoloji (монография). Анкара: Grafiker, 2023.
8. Техниканың Қазақстанда қалыптасуы // Философия пәнінен хрестоматия. II том. Алматы, 2023.
9. Философия. Қоғам. Мәдениет (ғылыми мақалалар жинағы). Атырау, 2025.
10. Дін философиясы (оқу құралы). 2025.
11. Техника философиясы (оқу құралы). 2025.
Бекежан Ө.Қ. мемлекеттік және ведомстволық марапаттардың иегері: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Х.Досмұхамедов атындағы алтын медальмен марапатталған. Ғылыми және қоғамдық өмірге белсенді қатысып, Қазақстан философиялық конгресінің Батыс Қазақстан бөлімінің төрағасы болып табылады.