Артқа
Джамбаулова Гульмира Акенбековна
магистр, аға оқытушы
Өмірбаян
Джамбаулова Гүлмира Ақеңбекқызы - 1972 жылы 29-ші қазанда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. Атырау қаласындағы №3 орта мектепті бітірген (1979-1989 жж.).
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарих және құқық мамандығы бойынша (1995-2000 жж.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тарих магистрі (2012-2014 жж.), Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих мамандығы бойынша докторантура (2018-2021 жж.), Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасында аға оқытушы (2012 жылдан бастап).
Ғылыми қызығулар: Қазақстан тарихы, өлке тарихы, тарихты оқыту әдістемесі.
Қосымша білімдер: 2016 жылы Алматы қаласында «Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы ЖОО педагогикалық мамандықтар оқытушыларына арналған курсқа, 2022 ж. Шымкент қаласында өткен «Auezov University-2022» Халықаралық қысқы мектебінде «Новые исследования и направления развития археологии. Исследования исторической науки Казахстана в контексте глобальных изменений», 2023 жылы «Отандық және дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері. Тарихнама және дереккөздер», 2023 ж. Международная школа «Auezov University International Winter School-2023» «История. Взаймодействие библиотек и архивов в сохранении исторической памяти», 2024 жылы «Auezov University International Winter School-2024» Түркі халықтарының салт-дәстүрлері: заманауи өзгерістер мен ерекшеліктер» бағыттары бойынша, 2024 ж. «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту», HAMK University of Applied Sciences (Финляндия) үйлестірген, Назарбаев Университетімен бірлескен және Дүниежүзілік Банк қолдауымен «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» (2024), 2025 жылы «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу әдістемесі», «Білім берудің цифрлық дәуірі: Медиасауаттылық және тұрақты дамудың инновациялық әдістері» бойынша біліктілікті арттыру курстар, 2025 жылы Өзбекстанның Үргеніш қаласында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану: мәселелері мен инновациялық шешімдері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып біліктілігін арттырды.
Марапаттар: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Алғыс хаты (2016); Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хаты (2022); Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің алғысы (2024); Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы (2025).
Негізгі еңбектер:
1. Атырау өлкесінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жүргізілген бай-феодалдарды тәркілеу шаралары (Теңіз ауданы мысалында) // «Бағдар» әскери-теориялық журнал, №3. Астана, 2016
2. Отандық тарихнамадағы халық қолөнерінің зерттелу мәселелері // «Наурыз – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде» халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы 2018ж.
3. XX ғасырдың 30-жылдарында Атырау өлкесінде жүргізілген ірі бай-феодалдары тәркілеу // «Қазақ тарихы» Білім. Ғылыми-әдістемелік журнал, №1 Алматы, 2018
4. Қазақстан тарихы сабағында мемлекеттің құқықтық негіздерін оқыту мәселелері // Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына орай «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, 29 тамыз 2019ж., Атырау
5. Студенттердің креативті ойлауы – тұлғаның қасиеті мен дамуындағы шығармашылық қабілетінің қалыптасуы // «Досмұхамедов оқулары» аясында Қазақ КСР ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125-жылдығына орай «Қ.И.Сәтбаев және қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы.– Атырау 2024., 251-256 бб.
6. Active introduction of new technologies in the educational process - a guarantee of quality education // «Қазіргі педагогикалық технологиялар арқылы әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту: мәселелер мен инновациялық шешімдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Ургенш, 2025 – 1042-1047 бб.
7. Қазақ байларын тап ретінде жоюдың алғышарттары, жүрісі Атырау өлкесі мысалында // «Ұлт жады» республикалық ғылыми журнал №1(11),2025ж. 11-29бб.
8. Ешқашан Ұмытылмайды. Атырау облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында. (Ұжымдық монография) // Ұжымдық монография. Атырау, 2025.-500 бет. ©Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасы, 2025 ©Издательство ASUPress