Артқа
Жанузакова Зульфия Жанузаковна

Жанузакова Зульфия Жанузаковна

Магистр, аға оқытушысы

Өмірбаян

Жанузакова Зульфия Жанұзаққызы - 21.01.1974 ж. Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының сеньор-лекторы, магистр. E-mail: zh.zulfiya@mail.ru Білімі және ғылыми тәжірибесі: 1991-1996 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Математика-информатика» мамандығы бойынша білім алып, «Математика және информатика пәндерінің мұғалімі» біліктілігін алды. 2011-2013 жж. Алматы қаласы, Экономика және статистика академиясында -6М060200-Информатика мамандығы бойынша магистратурада білім алып, жаратылыс ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. Жұмыс қызметтері: 1991-1996 жж. Атырау қаласы, Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда Математика және информатика пәндерінің мұғалімі, 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде қызмет етіп келеді. Ғылыми қызығушылықтары: Математиканы оқыту әдістемесі, Білім беруде IT қолдану, Жоғары математика, Сандық әдістер, Математикалық логика, Алгебра және сандар теориясы, Қолданбалы математикалық бағдарламалар. Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу: • «Математика және физика пәндерін оқытуда ІТ технологияларды табысты қолдану тиімділігі», «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Атырау, 2024). • «Laravel және bootstrap негізіндегі веб-қосымшалардың қауіпсіздігі: қазіргі заманғы қауіптер мен қорғаныс әдістерін талдау», «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Атырау, 2024). Ғылыми жұмыстар тізімі: • «Method for controlling phytoplankton distributon in fresh open water». International Jornal of Environmental Studies, 24 Aug 2023. • «Methodical conditions which are conducive to improving the education of pupils to solve their context-based mathematics task», 29.02.2024. • «Келлер көпмүшелерінің алгебралық көпбейнесі», ҚР Ғылыми Инженерия Академиясы Хабаршысы, шілде, 2025 ж. Оқу-әдістемелік құралдары: «Delphi ортасында объектіге бағдарланған программалау» оқу-әдістемелік құралы (2014 ж.), «Математика дайындық курс тындаушыларына арналған» оқу-құралы (2017 ж.), «MathCad программасында теңдеулер жүйелерін шешу» әдістемелік құралы (2016 ж.), «Методика обучения школьников самостояельному решению текстовых задач по математике» оқу-әдістемелік құралы (2019 ж.), «Руководство к решению задач математической олимпиады» оқу-әдістемелік құралы (2021 ж.).