Артқа
Адиева Айнагуль Жанибековна

Адиева Айнагуль Жанибековна

PhD,қауымдастырылған профессор м.а

Өмірбаян

Адиева Айнагуль Жанибековна - 17.12.1970г.р., PhD, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Е-mail: a.aina70@gmail.com Білімі және ғылыми дәрежесі: • 1988-1993 жж. Атырау педагогикалық институтында «Математика» мамандығы бойынша білім алып, «Математика, информатика және есептеу техникасы мұғалімі» біліктілігін алды. • 2012-2014 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 6М060100 – Математика мамандығы бойынша магистратурада білім алып, жаратылыс ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. • 2017-2020 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D060100 – Математика мамандығы бойынша докторантурада білім алды. • 2021 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде «Екі мүшелі жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеудің тербелімділік қасиеттері» тақырыбынла диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, 2021 жылғы 05 қарашадағы ҚР БжҒМ-ң Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының №787 бұйрығымен «6D060100-Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Жұмыс қызметтері: • 1993 – 1995 жж. Маңғыстау облысы Сай-Өтес ст. ҚТЖ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі; • 1996 -1999 жж. - Атырау қаласы әкімі аппараты, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы; • 1999-2014 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы; • 2014-2016 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы; • 2016-2017 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасында аға оқытушы; • 2020 -2021 жж. Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы; • 2021 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры болып қызмет етіп келеді. Ғылыми қызығушылықтары: Дифференциалдық теңдеулер. Функционалдық талдау. Операторлар теориясы.