Артқа
Шыганакова Айнагуль Турганбаевна

Шыганакова Айнагуль Турганбаевна

магистр, аға оқытушы

Өмірбаян

Шыганакова Айнагуль Турганбаевна - 21.08.1981 ж., «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының магистр, сеньор-лекторы. E-mail: a.shyganakova@asu.edu.kz. Білімі және ғылыми тәжірибесі: 1998-2003 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Математика және информатика» пәнінің мұғалімі мамандығын оқып бітірді. 2006-2008 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 6N0601-Математика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. Жұмыс қызметтері: 2001-2004 ж.ж. аралығында «Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицейде» математика және информатика пәнінің оқытушысы болып қызмет етті. 2004-2008 ж.ж. аралығында Атырау Бизнес және Құқық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы, 2007 жылдан бастап «Ақпараттық» пәндер циклінің төрайымы болып қызмет етті. 2008 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Физика, математика және ақпараттық технологиялар» факультетінің «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында магистр, сеньор-лекторы болып қызмет етеді. Оқытушылық қызметімен қатар 2011-2015 жылдары «Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар» бөлімінде әдіскер болып, сонымен қатар «Бота» ҚҚ-ның координаторы болып қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап «Физика, математика және ақпараттық технологиялар» факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарып келеді.