Артқа
Мухамбетов Жомарт Ибатоллаұлы

Мухамбетов Жомарт Ибатоллаұлы

Кандидат филологических наук, доцент ВАК, ассоциированный профессор.

Өмірбаян

1972 жылы 24 наурызда Атырау облысы (Гурьев облысы), Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында өмірге келген. 1990-1994 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінің «қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 1994 жылдан бері еңбек етеді. 2003-2006 ҚР БҒМ ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің ғылыми ізденуші-аспиранты. 2007 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кандидаттық диссертация қорғады, филология ғылымдарының кандидаты атағы берілді. 2009 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен Академиялық ғылыми доцент атағы берілді. 2010 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Тіл білімі» саласы бойынша ЖАК-тің доцент ғылыми атағы берілді. 2017 жылдан ҚР Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Корреспондент мүшесі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы-стажер, оқытушы, аға оқытушы, доцент, қауымдастырылған профессор, факультеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, «Түркология» орталығының директоры, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі (2014-2016), кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты қызметтерін атқарған. Түрлі отандық (ККСОН) және шетелдік Skopus, Tomson ғылыми басылымдарда, Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда 100 ден аса ғылыми мақалалары жарияланған. Әр жылдарда қала, облыс әкімдігі, Нұр-Отан партиясының Атырау филиалының, университет ректорының мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталған. 2006 ж. Жоғары оқу орнында өткен «Үздік оқытушысы-2006» Оқу-әдістемелік шеберлігінің жыл оқытушысы сайысының бас жүлде иегері. 2014 жылы ҚР Жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жаңа буын мамандарды дайындаудағы инновациялық істері, оқу үрдісін талаптарға сай оқулықтармен қамтамасыз етудегі нәтижелі еңбегі үшін Астана қаласы, «Фолиант» баспасының арнайы дипломымен марапатталған. 2015 жылы Білім үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық жаңа технологияларды белсенді және тиімді пайдалана отырып ұсынған озық іс-тәжірибесі «Білім шыңы - білікті ұстаз еңбегі» жинақ кітабына кіріп, ҚР көлемінде таралғаны үшін және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Білім шыңы» төсбелгісімен және грамотасымен марапатталған. Қазқстан Республикасы «ВILIM-ORKENIETI» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаң-ында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім және ғылым – 2020» атты Республикалық конференциясына қатынасып, жеңімпаз атанып, ҚР Білім және ғылымға қосқан ерен еңбегі төсбелгісімен және I дәрежелі дипломымен марапатталған. Қазақстан педагогтар қауымдастығының Республикалық «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары – 2020» байқауының жеңімпазы, ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның үздік ұстазы» медальімен марапатталған.