Артқа
Утемисова Жанна Ербосыновна

Утемисова Жанна Ербосыновна

аға оқытушы, магистр.

Өмірбаян

Утемисова Жанна Ербосыновна – аға оқытушы, магистр. 1988 жылы 21 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1995-2006 жылдары Алматы қаласындағы №58 орта мектепте оқыған. 2006-2011жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (бакалавр), 2011-2013жж. Докторантура және магистратура институты бөлімінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша магистратурада, 2022-2025жж. «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурада оқыды. 2013-2014жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Педагогика және психология» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасында оқытушы, аға лаборант қызметін атқарды. 2014-2022жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Инновациялық білім беру факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында жұмыс істеді. 2015 жылдары Инновациялық білім беру факультеті деканның тәрбие бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды. 2021-2022 жылдары Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 2023 жылы Атырау облысы, Индер ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте, 2023-2025 жылдары Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom school мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында аға оқытушы. Халықаралық Scopus, Web of Science деректер базасында және Қазақстан Республикасының БҒСҚК ұсынған ғылыми басылымдарда бірнеше мақаласы жарияланған. Бірнеше оқу әдістемелік құралдың авторы және Алматыкітап баспасының қосалқы авторы.