Артқа
Кубышева Гульвира Гибатуллаевна
аға оқытушы, магистр
Өмірбаян
Кубышева Гульвира Гибатуллаевна – аға оқытушы, магистр. 1985жылы 29 маусымда Гурьев қаласында дүниеге келген.
1992-2003ж. Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алған. 2003-2007ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Педагогика және психология мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2007-2008 оқу жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Психология кафедрасына оқытушы лауазымында жұмыс атқарған. 2008-2010 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистратура бөлімінің "Педагогика және психология" мамандығы бойынша білім алып, «Оқу-тәрбие үрдісінде "қиын" жеткіншектердің дара ерекшеліктерін ескерудің психологиялық негіздері» тақырыбында магистрлік жұмысын қорғаған.
2014 жылдан бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Инновациялық білім беру факультетінің «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарады.
2019 ж (қазан) Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбындағы Республикалық конкурсына қатынасып, «Жоғарғы оқу орны педагогикалық мамандықтарының профессорлық оқытушылар құрамы» аталымы бойынша жүлделі І орынға ие болды.
2023ж. Мәскеу қ. Р.А.Сухинин әдісі бойынша психосоматолог-практик дипломын алған.
Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, лекторы ретінде діни фанатизмнің алдын-алу, дін психологиясының аспектілері тақырыптарында дәріс-тренинг ұйымдастырады. Халықаралық, республикалық, шетелдік басылымдарда баяндамалары жарық көрген. Қала әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.