Артқа
Қабдрашев Мұстахим Саленұлы
аға оқытушы
Өмірбаян
ҚАБДРАШЕВ Мұстахим Саленұлы - аға оқытушы, ҚР-ң еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
1970 жылы 2-ші қазан айында Атырау облысы, Жамбыл колхозы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген.
1977–1985ж.ж. аралығында мектепте оқып, 1985-1989ж.ж. Гурьев политехникалық техникумында техник-құрылысшы мамандығын бітірген.
2001-2004 ж.ж. Х.Досмухамедов атындагы Атырау Университетынде дене тәрбиесі және спорт мамандығын тамамдаған.
1995-2008 жж. Атырау облысының таэквондодан аға жаттықтырушы, СДЮСШОР мамандандырылған балалар, жастар спорт мектебінде жаттықтырушы жұмысын атқарды. 2001-2013ж.ж. Қазақстан Құрама командасының таэквондодан аға жаттықтырушы жұмысын спорт министрлігінде Алматы, Астана қалаларында, 2014-2015 ж.ж. Астана қаласында ҚР спорт министрлігінде ҰОК таэквондодан бас жаттықтырушы жұмысын атқарған.
2001ж. ҚР-ң еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. 2008 ж. Бейжің Қытай олимпиадасында қатысып, шәкірті Арман Чилманов қола жүлдеге ие болған. 2016-2018ж.ж. Олимпиада резервін дайындау орталығында Атырау қаласында директордың орынбасары жұмысын атқарған. 2018-2019 ж. Атырау ШВСМ және Орталық стадион директоры. 2019-2023 ж.ж. №2 БЖСМ таэквондо аға жаттықтырушы жұмысын атқарған.
2024ж. ақпан айынан бастап, Атырау қ. Х.Досмұхамедов атындағы университетке «Дене тәрбиесі және спорт, бастапқы әскери дайындық» кафедрасында аға оқытушы ретінде жұмысқа тұрып, сол жерде жұмыс жасап жатыр. 2025 жылдың 13 наурызынан бастап Х.Досмухамедов атындагы Атырау Университеттің «Дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры атағын алды.
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан «Ерен еңбегі үшін» (2008ж.);
- Қазақстан Республикасының таэквондодан спорт шебері атанды (2020 ж.);
- Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медалі (2022 ж.).