Артқа
Жаналиева Бибинур Тұрақбайқызы
лаборант
Өмірбаян
Жаналиева Бибинур Тұрақбайқызы — Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының лаборанты. 1985 жылы 3 маусымда дүниеге келген.
2001–2006 жылдары Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Педагогика, психология және өнер» факультетінде білім алып, «Интерьер дизайнері» мамандығы бойынша жоғары білім иеленді.
Еңбек жолын дизайн саласында бастап, әртүрлі шығармашылық және өндірістік ұйымдарда қызмет атқарған. 2007–2008 жылдары «ИЗЮМИНКА» жарнама агенттігінде дизайнер, 2008–2010 жылдары «СИЛУЭТ» фотосалонында дизайнер қызметін атқарды. 2014–2019 жылдары «ФОТОПЛЮС» фотосалонында дизайнер ретінде жұмыс істеп, кәсіби тәжірибесін арттырды.
2024 жылдан бастап Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында лаборант қызметін атқарып келеді. Өз қызметінде оқу үдерісін ұйымдастыруға, кафедраның материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге және шығармашылық жұмыстарды үйлестіруге белсенді қатысады.
Кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында 2025 жылы «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеудің әдістемесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат иеленді.