Артқа
Жаумитбаева Айымгүл Жақсыбекқызы
оқытушы
Өмірбаян
Жаумитбаева Айымгүл Жақсыбекқызы — оқытушы. 2004 жылы 13 тамызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
2010–2021 жылдары орта білімді №8 орта мектепте алған. 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, 2025 жылы үздік дипломмен тәмамдаған. Академиялық үлгерімі — GPA 3.84.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде философия мамандығы бойынша оқытушы қызметін атқарады. Қазіргі уақытта философия пәні бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жүргізеді.
2025 жылы 20 қарашада «Бүкіләлемдік философтар күніне» орай университет деңгейінде ауқымды іс-шара ұйымдастырған.
Біліктілікті арттыру аясында:
• 2025 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы тренингке қатысып, сертификат алған;
• 2026 жылы «Жоғары білім берудегі медиа және коммуникация: оқыту, білім алу және цифрлық трансформация» атты қысқы мектепте (72 сағат) білімін жетілдірген.